Жүзу шеберлері бас қосты

Screenshot_39.jpg    

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Шымкентте  балалар мен жасөспірімдер спорты дамып келеді. Соның ішінде бүгінде  су спорты да қарқын алған. 

     Жақында Шымкент қаласындағы орталық су спорты кешенінде жастар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді.   «Көңілді дельфиндер» атты республикалық турнир  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.  Шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің барлық облыстарынан спортшылары бақ сынады. Айтып өтейік, жарыс санитарлық талаптарға сай өтуде. Басқа өңірлерден келген мамандар Шымкент су спорты орталығындағы бассейіннің халықаралық талапқа сай екендігін айтуда.

 «Республика бойынша 18 команда қатысты. Жүзден аса жас спортшылар бақ сынады. Жалпы қаламызда су спортына соңғы кездері ерекше көңіл бөлініп келеді»,- дейді  Шымкент құрамасының жетекшісі Берік Тажықұлов.

Алғаш болып қыздар арасында жеңімпаздар да анықталды. Жалпы командалық бас жүлдеге алаң иелерімен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар командалары үміт артып, мықтылық танытуда. Жастардың жүзу кезіндегі уақыт көрсеткіштері мамандардың ойынан шығып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы сайыс қорытындысында Алматы қаласының суда жүзу шеберлері бас жүлдені жеңіп алды. Петропавл қаласынан келген спортшылар жүлделі екінші орынды иемденді. Ақтөбе облысының командасы қола медалға қол жеткізді. Алдағы уақытта жастар арасындағы жеңімпаздар анықталмақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды