«Нұр Отан» партиясы игі іске ұйытқы болды

Screenshot_38.jpg

Президент тапсырмасына орай Наурызды 10 күн атап өту жоспарланған болатын. Бұл бағытта Шымкентте кешенді шаралары жоспары түзілген. Мереке қарсаңында үнемі игі іске ұйытқы болатын «Нұр Отан» партиясы да қарқынын арттырды. Партия тарапынан тұрмысы төмен отбасылар мен мектеп оқушыларына көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында кешенді шаралар жалғасуда.   Осы бағыттағы жұмыстар этно-мәдени бірлестіктер арасында да өрбуде. Мекеме қызметкерлері мен ұйым мүшелері қаладағы кәсіпкерлер мен атымтай жомарт азаматтардың басын қосып, игі іске жұмылдырылды. Демеушілер тарапынан халыққа қолайлы жағдай жасауға ат салысуда.  Олар тұрғындардың тұрмысын түзеуге және қоғамға пайдалы іс атқаруға білек сыбана кіріскен.

«Елбасымыздың дана саясатының арқасында еліміз тыныш, көпұлттар бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүруде. Наурыз мерекесі де барша қазақстандықтарға ортақ мереке. Бұл күнде тек қана сауық құрып, көңіл көтеріп қана қоймай, ел ішіндегі жағдайы төмен отбасыларға, көмек мұқтаж жандарға көмек кқрсету мерекенің сәні де мәні деп ойлаймын»,- дейді Шымкент қаласы Қаратау аудандық Испиджап бастауыш партия ұжымының төрағасы Тахирбек Нышанбаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды