Түлкібас: Су қауіпсіздігі жөнінен рейд жүргізілді

Жаз келіп, еліміздің ыстық өңірлерінде шомылу маусымы басталды. Су ережесін сақтамағандарды соңы өкінішке толы жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан Түлкібаста жыл сайын шомылу маусымы қарсаңында рейд жүргізіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

image.png

Ағымдағы жылдың 3 маусым күні, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы М. Жанесеннің "Шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау туралы іс-жоспары" кестесіне сәйкес Түлкібас ауданының ТЖБ-і, Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, АПБ-і және аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан құрылған "Мейірім" еріктілер тобының ұйымдастыруымен Арыс өзені, Шарафкент ауылы Балықты өзенінде демалушылармен "Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігі мен алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. 100-ге жуық дана ескертпе парақшалары таратылды.
Рейд кезінде демалушылардың назарына:
Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу, адам өміріне қауіпті екенін, балаларды өз еркімен таныс емес белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы ұдайы ескертіп отыру керек.
Алайда су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде.
Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? 
Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн. Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі назарларыңызға салады.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
-Суға тек рұқсат етілген орындармен жағажайларда шомылыңыз
-Суға шомылатын жерді, судың тазалығы мен, тереңдігін мұхият тексеріп алыңыз,
-Ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға, тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз,
-Суға түскенде бір- біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз
-Тыйым салынған орындарға шомылуға;
-Алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға;
-Терлеп тұрған кезде денені суға үйретпей, түсуге
-Қоршау белгілерінен асуға болмайды.
Есте сақтаңыздар! Судағы аппаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды