«Фирма Дана» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде

Screenshot_1.jpg

Бүгінде Шымкентте индустриалды аймақтарда көптеген кәсіпорындар жемісті жұмыс істеуде. Мемлекет тарапынан барлық қолдауға ие болып отырған бұл кәсіпорындар басты назарға - сапалы өнім шығаруды алған. Сапалы өнім шығару арқылы олар халық алдында өз беделдерін арттыра алады.

«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Фирма Дана» ЖШС шыны өндіруші кәсіпорны қарқынды жұмыс істеуде. Күні кеше қала әкімі М. Әйтенов 2012-2014 жылдары жүзеге асырылған өндіріс орынның бүгінгі жағдайымен танысты. 

Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде. Жоба құны – 500 млн теңге. Бүгінде 55 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Дайын өнімдерді 100 % ішкі нарыққа шығарады. Шымкент қаласындағы әйнек өндірісіне маманданған бірден-бір кәсіпорын. 

Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды. 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие қарызын субсидиялау, индустриалды аймақтан жер беру сынды мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. 

Қала әкімі кәсіпкерлерге өндірісті кеңейтуді, бұл орайда жергілікті мамандарды жұмысқа тартуды, өнімділікті одан әрі арттыруды тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асты
  • Әлеуметтік-экономикалық дамуда бағындырған белес аз емес
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған