Бау-бақшамен көмкерілген мекен

image.png

Шымкент қаласынан бар-жоғы 45 ша­қырым қашықтықта орналасқан Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Батыс Тянь-Шань тауы­ның етегiндегі демалыс аймақтарының қатары жылдан-жылға артып келеді.  Соңғы жылдары демалушылар қарасының көптігі сонша, алдын ала тапсырыс бермеcеңіз орын таппай қалуыңыз мүмкін. Оның үстіне қазір демалыс аймақтарында нағыз қонақтарды қабылдайтын уақыт. Бұл  кешендер болашақта өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық жағдайын жақсартады деп жоспарланған.

image.png

 Қысы-жазы қонағы үзілмейтін демалыс орындарының бірі – «Көксәйек». Демалыс аймағы келушілерді жайлы орындарымен қатар жеміс бағымен таңқалдырып келеді. Ия, мұнда жаздың күндері келсеңіз үлкен бауды аралап, онда алма, алмұрт, шие, айва, алша, қара өрік тіпті,   жүзімнен дәм татуыңызға болады. 

image.png

Сондай-ақ мұнда коттедж, жазғы тапшандар, монша, сауна,  бассейн бар. Кез-келген тағамыңызды әзірлеуге арналған ыңғайлы асханада кәуаптан бастап, қуырдаққа дейін дайындауға  мүмкіндік  қарастырылған.  Нысанның жанынан ағып өтетін Сайрам суды да көзбен көріп, шомылуға болады. Отбасыңызбен, достарыңызбен, туыстарыңызбен немесе әріптестеріңізбен  уақытты қызықты өткізуге лайықты мекен. Бағалары да қолжетімді. 

Байланыс телефоны 87014178079

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Керемет көргің келсе, тауға бар»
  • Таудың ауасы жанға дауа
  • Адреналин сыйлайтын орын
  • Қонақтардың көңілінен шыққан «Villa»
  • «Шипа бұлақ» сіздерді күтеді!