Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 2 тұрғын өздерінің өтініштеріне сәйкес дәстүрлі форматта, 3 тұрғын онлайн форматта қатысты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғындар тарапынан тұрғын-үй, білім, құрылыс, әлеуметтік, жол, ауыз су, комуналдық қызметтерге қатысты және көлік қозғалысын реттеуге арналған жол белгілерін орнату сынды өтініштері айтылды. Әр өтінішке аудан басшысы заң аясында жауап беріп, орындалуын өз бақылауына алынатының жеткізді. Тиісті сала басшысына әлеуметтік осал топтағы тұрғынға бір жолғы әлеуметтік көмекті беру мәселесін зерделеуді жүктеп, жеке қабылдаудан кейін ауыл әкімі мен тиісі сала мамандарына Қарағашты елді мекеніндегі көтерілген жол мәселесін тез арада зерделеп, құжаттарын дайындауды тапсырды.
Айта кетері былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
-Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деген болатын.