Түлкібас арыстық балаларға демалуға жағдай жасады

Screenshot_11.jpg

Арыстағы төтенше жағдай елді дүрліктіргені белгілі. Жазғы демалыс кезінде ересектермен бірге, барша арыстық балалар туған жерлерін тастап қашуға мәжбүр болған еді. Өз кезегінде бұл мектеп оқушылары мен ойын балаларының психологиялық-физикалық болмысына кері әсерін тигізді. Моральді тұрғыда ауыр соққы алған балаларға қайта қалпына келу қажет. Әйтпеген күнде, бойларында үрей мен қорқыныш қалып қойып, болашағына зиянын тигізеді. 

Осыған орай, алыс-жақын облыстар, аудандар арыстық балаларға өз көмектерін беріп жатыр. Табиғаты тамылжыған, тау баурайындағы Түлкібас ауданы әкімдігі зор белсенділік танытуда. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен арыстық 100 баланы Машат шатқалындағы Б.Саттарханов және Машат ауылы маңында орналасқан Арман-1 лагерлерінде үш ауысыммен демалдыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жоғарғы аталған лагерлерде 20 кішкентай арыстық бала демалып, әл-ауқат жинап жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталмыш лагерлерде арыстық балаларға демалу мен қатар, оқу және сауықтыру шаралары да қаралған. Яғни, балалар тек демалып қана қоймай, білімдерін де жетілдіреді. Сондай-ақ, демалушы балалардың көңілін көтеру мақсатында әр күнге арнайы шаралар да бекітілген. Мұнда балалар әрбір күнін пайдалы өткізіп, көңілдері сергек болады.  

Түлкібас ауданының таза ауасымен тың демалған кішкентай арыстықтар өз үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтатыны анық.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады