«Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы

Screenshot_28.jpg

Шымкенттегі «Ескі қалашық» аумағындағы этноауылдың киіз үйлерінде елімізге белгілі қолөнер шеберлері жұмыс істейді. Туристік мақсатта жұмыс істейтін шеберлер күнделікті келген қонақтарға гобелен тоқу, киіз басу, былғарыдан бұйымдар жасаудан бөлек, зергерлік, ағаш бұйымдардан шеберлік сағаттар өткізеді. 

Мәселен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, зергер шебері Әшірбек Желдібаев күмістен зергерлік бұйымдардың жасалу жолдарын үйретсе, қолөнер шебері Қожабек Сәдібеков ұлттық музыкалық аспаптар - домбыра, қобыз, ағаштан жасалатын бұйымдарды көпшілік назарына ұсынады. Домбыра жасаушы шеберлер көп, ал хас шеберлер аз. Қожабек Сәдібеков – сол  аз шебердің бірі. 20 жылдан бері домбыра жасауды кәсіп еткен Қожабек Сәдібековтің отбасы тек домбыра жасаумен ғана шектелмей, қазақтың байырғы уақыттан бері қолданып келе жатқан ұлттық ыдыстарын да жасауға ден қойған.Қазіргі кезде жары Айсағат және перзенттері Ниязбек пен Қарақатпен бірге ата кәсіпті дөңгелетіп отырған жайы бар. Бүгінгі таңда шебер көптеген шәкірт тәрбиелеуде. Ұлттық музыкалық аспаптарды жасап үйренгісі келетін адамдар этноауылда орналасқан Қожабек ұстаздың шеберханасында шыңдалса болады. 

Айта кетері, «Shymqala» этноауылы «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі» мерекесінде ашылған болатын. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Қаламызға келген қонақтардың дені қазір ең алдымен осында келгенді қош көреді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы
  • Этноауылда қолөнер шеберлері жұмыс істейді