Қоқысты енді сұрыптап тастайды

Screenshot_16.jpg

Көптеген дамыған мемлекеттер, қоқысты түрлеріне бөліп жинау жүйесіне көшкеніне айтарлықтай уақыт болды. Бұл экологиялық тұрғыдан ғана емес, экомикалық жәрдем деп қарастырған жөн.  Қоқысты өңдемес алдын оны сұрыптау мәдениетін қалыптастырған жөн. «Жасыл экономикаға» көші ыңғайланып жүрген қазақстанда соңғы жылдары қоқыс тастау мәдениеті қалыптасып келеді. Айталық  қоқысты бұрынғыдай қағаз бұйымды метал бұйыммен араластырып бір контейнерге салмайтын болдық. Яғни әр бұйымға арналған әр түрлі контейнер қойылған. Қоқысты сұрыптау мәденметі Түркістан облысында да қалыптасып келеді.

Жақында Түркістан облысы әкімдігінің "Түркістан облысы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін бекіту туралы" Қаулысын орындау мақсатында, Шәуілдір ауыл округінде Жібек жолы даңғылы №39 және Д,Алтынбеков көшесі №15 көпқабатты үйлердің аумағына екі жерге жаңадан қоқысалаңшасы салынып, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған қоқыс жәшіктері қойылды. Оны сол аумақтағы көпқабатты үй тұрғындары пайдаланатын болады.

Оған қосымша бұрынғы жылдары салынған 10 қоқыс алаңшасы да бөліп жинауға арналған контейнерлерімен қайта жарақталатын болады.

  Енді тұрғындар еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуіне өз үлестерін қоса алады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды