Балқашта отандық және шет елдік туроператорлар демалыс орындарымен танысты

9a654f634cf78fd1e46e01bea9a775a3.jpeg

Туроператорлар Балқаш курорттық аймағындағы жағажайлық демалыс жағдайларымен танысады. Бір күн ішінде кәсіпкерлер ондаған демалыс аймағын аралап шықты.

"Біз ұсыныстар, баға жайлы білеміз, мұның бәрі бізде бар. Осы форумға біз демалыс орындарын өз көзімізбен көріп, түмендіктерге өздеріміздің шынайы сезімдерімізді, әсерлерімізді жеткізу үшін келдік. Қазақстанда және атап айтқанда Балқаш қаласында табиғат тамаша, демалыс орындары жайлы, және де бағалары да қолжетімді. Қонақжайлылық жоғары деңгейде, адамдары жақсы", - дейді Түмен делегациясының мүшесі Татьяна Семенова.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі көліктік қатынас болып табылады. Пойызбен келер болса, туристерге ауысулармен жүру керек болады, ал автомильдік саяхат көп уақытты алады. Трансфер мәселесі шешілсе, көптеген қиындықтар жойылып, ресейлік туристер ағымы ұлғаяр еді дейді туроператорлар.

Моңғолиядан келген қонақтың айтуынша, оның фирмасында Алтай мен Шығыс Қазақстанға шетелдік туристерді тарту тәжірибесі бар. Енді ол Балқаш маңындағы көріністерге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. 

Туристік форум аясында Балқаш қаласында «Денсаулыққа жол» атты жеңілатлетикалық марафон және кемелер шеруі өтті. Сенбі күні, 15 маусымда форумның пленарлық отырысы өтеді. Онда сала өкілдері отандық туризмді дамыту мәселелерін талқылайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды