Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
«Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8.30 шамасында Жібек Жолы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында орын алған. Аймауытов көшесіне бағыт алған Toyota Camry маркалы көлігі Жібек Жолы көшесімен келе жатып жол берместен JAC-S5 маркалы жергілікті полиция көлігімен соқтығысқан. Жібек Жолымен қарсы бетте келе жатқан полиция көлігі Рысқұлов көшесі бағытына қарай кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көлікке де материалдық шығын келтірілді. Көлік жүргізушілері алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Көліктерде жолаушылар болмаған», - деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.
Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 2-бабының 610-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.