«Топыраққа тамған тер» телехикаясы көрерменге жол тартады

e2260ad085a753f5ab846aab29d8b8c5.jpg

Телехикаяда еңбек, туған жер, алтын бесік – ауыл  сияқты қасиетті ұғымдар тереңдей көрініс тапқан.  Туынды қарапайым ауыл адамының қажырлы еңбегін, боямасыз өмірін баяндап қана қоймай,  туған жері- ауылын көркейтуге деген ынтасын, табысты еңбегін терең ашып көрсетпек.

Телехикаяның бас кейіпкері – Естай есімді жас жігіт ауылдағы егіншілік кәсібін дамытуға бар күш-жігерін салғысы келеді. Алайда, әкесінен ерте айырылып, жетім өскен ол жалғыз өзі бәріне үлгере алар емес. Сонда да, алған бетінен қайтпай, ауылдастарынан жалға бірнеше жер алып, қауын-қарбыз егуге кіріседі. Ал, оның жақын көршілері, өзімен қатарлас Тілек ауыр халде жатқан әкесінің сөзіне зер салмай, қалаға кетіп қалса, Қуаныш  өзінің жалқаулығынан  жерін Естайға жалға бере салады.

Естай өзінің мақсатына жету үшін еш қиындықтарға қарамастан жұмысқа бар ынтасымен кірісе бастайды. Бұндағы ойы - өзі ғана баю емес, еңбекке немқұрайлы қарайтын ауылдастарын жақсы өмірге ынталандырып, алға жетелеу.

Бірде қаладан, ауыл жайлы жазбақ болған жас Гүлім есімді магистрант қыз келеді. Екеуінің арасында махаббат сезімі пайда бола бастайды.

Естай сүйген қызына қол жеткізе ала ма? Естайдың алға қойған мақсаты мен арманы орындала ма?

 Басты рөлдерде: Қобыланды Болат, Әлия Даниярова, Оразхан Садуақасұлы, Ерғұлан Жанпейісов және басқалар.   

«Топыраққа тамған тер» телехикаясын «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:50-де көре аласыздар!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды