Елордада еларалық жайдарман ойындары өтті

Нұр-Сұлтан қаласында елорда кубогы үшін Жайдарман ойыны өтті. Сайысқа тек қазақстандық емес, шетелдік команда да қатысты. 

Arman Eshma_s PH_-144.jpgЖайдарман ойындары бүгінде тек отандық емес, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің де асыға күтетін жобасына айналды. Әр эфирін тағатсыз күтетін көрерменге бүгінде бұл ойын сапалы дүние көрсетуін жалғастырып келеді. Кезекті жобалардың бірі ретінде14 қараша күні өткен "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасын атап өтуге болады. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады. Түркі тілдес көршілерімізге қазақ сахнасында ойнау аса қиындық тудырмағаны анық. Келген көрермен қонақтарымызды қошеметпен қарсы алып, қошеметпен шығарып салды.  

image.png

Айта кетейік, бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, "Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ ұйымдастыруымен өткен еді. Қазылар алқасы үздік үш команданы анықтап, оларға арнайы жүлделерді ұсынды.  Ойын қорытындысы бойынша Семейден келген "Қыздар емес" командасы үшінші орын, алматылық "Ақпен бірге" командасы екінші орын иеленді. Ең үздік деп танылып, бас жүлдені иеленген — елордалық "Шабыт" құрамасы.  

Командалық көрсеткіштен бөлек, жеке шеберлігімен көзге түсіп, "Үздік ойыншы" деген атқа лайық жайдарманшы да анықталды. Ол алматылық "Арнайы әділет үшін" командасының мүшесі Шыңғысхан есімді жайдарманшы. Ойынның барлық қызықтары телеарнадан желтоқсан айында көрсетіледі. 

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке