Софья Берульцева – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бірікке Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты аяқталды. Әйелдер мен ерлер арасында каратэ WKF түрінен әлемдік сайысқа 105 ел қатысты.

image.png

Шымкент қаласынын спортшысы София Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болды. Жерлесіміз Франция, Украина, Түркия, Финляндия елінің спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Испания өкілі Мария Гарсияға ұпай санымен есе жіберді. Ал қола жүлдеге таласта сербиялық қарсыласынан басым түсті.

2021 жыл Софья Берульцева үшін табысты аяқталып отыр. Ол биылғы Токио олимпиадасында да ел қоржынына қола жүлдені салған еді. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Софья Берульцева – Әлем чемпионатының қола жүлдегері
  • «Шымкент Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі
  • Ақын мектеп оқушыларымен кездесті
  • Балалар мен жасөспірімдерге вакцинациялау қалай жүргізіледі?
  • Үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды