Қаратау ауданында 100-ге жуық ойын алаңшасы абаттандырылды

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады. 

image.png

Аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты. 

Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаны 2021жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда. 

Сонымен бірге, Қаратау ауданы аумағында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды