Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үй ауласы абаттандырылады

Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Д.Есілбек ауданда атқарылған жұмыстар барысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстыру барысында айтты.

image.png

Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен. Қалған 32 көпқабатты үй бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы өткізілуде.

Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған. 

Аулалары бұрын абаттандырылған үйлердің басым бөлігіндегі ойын элементтерінің тозығы жеткен, жаңалауды қажет етеді. Ауданда ағымдағы жылдан бастап аулаларды қайта абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. 

2022 жылы абаттандыру жұмыстары осы жоба шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айынан бастап тұрғындардан жобалық ұсыныстар аудан әкімі аппаратының ресми сайты арқылы қабылдау басталды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды