Түркістанда тауға кетіп, оралмаған туристер өлімінің болжамы жарияланды

Түркістан облысында тауға кетіп, оралмаған төрт туристің өліміне қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

image.png

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары "Сайрам –Өгем" шатқалында төрт адамның мәйіттері судан табылуының бір себебі: адасқан төртеу ағысы қатты өзеннен қол ұстасып өтпек болған шығар дейді. Сол кезде асау толқын ағызып әкетуі ықтимал. Тағы бір болжам: жастар өзеннің Таскөпір деп аталатын тастақ жерінен өту кезінде бірінің аяғы тайып кетіп, өзгесі құтқарамыз деп суға кетуі мүмкін. Ал төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев "туристердің алдынан аю шығуы да ғажап емес" деген болжам айтты. Себебі жігіттер бойлай жүрген аймақ ел арасында "Аю сай" деп аталады, ол төңіректе мамыр айында жыртқыштар көп кездеседі.

- Осы төңіректе өте аюларды көп кездестірдік іздестіру барысында, бір жиырмадан аса аюды көрдік. Ал аюдың өзінің тән қасиеті - балалары үшін өте агрессивті болатын кезі екен. Мүмкін бұл жігіттер төртеуі өзенді бойлап жүрген кезде алдарынан аю шығып қалды ма, содан қорыққанынан суға секіріп кетуі де мүмкін деген жағдайларды қарастырдық - деді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/Cu-TFBm8etE" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды