Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы күшейеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Қазақстан мен Ресей.jpg

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды:

ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;

"Қазгеология" АҚ мен "Росгеология" АҚ арасындағы ҚР, РФ және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; ҚР аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім;

"ҚР-да бутадиен және туынды өнімдер өндірісі" жобасын іске асырудың жол картасы; "Бутадиен" жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт; "KIDF Management company" Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және "Mubadala Investment Company" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы күшейеді
  • «Өліміне директор кінәлі» - Өскемендік мұғалім қайтыс болды
  • «Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді» – Алексей Цой
  • Цой тікелей эфирде QazVac вакцинасын салғызды (видео)
  • «Жерді жекеменшікке беруге қарсымын, оған халық дайын емес» - Мәжіліс депутаты