Қазығұртта 92 жастағы әжей коронавирусты жеңіп, үйіне оралды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұратын 92 жастағы әжей коронавирустан құлан-таза айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

200726115022900e.jpg

Моншақ Кенжалиева бір апта бұрын екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің біліктілігі және дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында әжей сырқатты жылдам жеңді. Моншақ апа дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, бүгін өз шаңырағына оралды.

«Дәрігерлердің арқасында 2 күн болды адам болып отырғаныма. Рахмет. Бақытты болыңдар. Әрбір емдерің халыққа шипа болсын» деп алғысын жеткізді кейуана.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды