Коронавирус: Шымкент жабылады

Шымкент қаласында 31 наурызда сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Screenshot_1.jpg

Қазақстанда 300-ден астам адам қауіпті дертті жұқтырды.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елдімекен карантинге жабылды.

Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Біріншіден, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады.

Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады.

Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті", - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке