Алматыда әйел құқығын талап еткен ару қыздар көшеге шықты

Screenshot_4.jpg

Алматыда феминизмді жақтаушылардың санкцияланбаған шеруі өтті: бірнеше ондаған қыз-келіншек әйелдер құқықтары туралы ұрандатып, оңтүстік астананың көшелерімен жүріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нәзік жандылар қолдарына қазақ және орыс тілінде жазылған плакаттарды ұстаған.

Шеру кезінде – "Әр әйел – жалғызым", "Мен қауіпсіздікте болғым келеді" деген сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар айтылды.

Арулар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыруды, сексуалды алымсақтық туралы заң қабылдауды, сондай-ақ зорлаушыларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармауды талап етуде.

Screenshot_1.jpg

Сондай-ақ бірнеше ер азамат нәзік жандыларды қолдап, шеруге қатысқан.

Шеруге қатысушылар жыл сайын жүздеген арудың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатынын, алайда, көбінесе мұндай істердің тиісті түрде қаралмайтынын және қоғам назарына ілінбейтінін тілге тиек етті.

Screenshot_2.jpg

Аталған шерудің қала билігімен келісілмегенін айта кету керек. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, олар шараның өтетіні жайлы әкімдікті ескерткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы жұбайларына қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегуді ұсынған болатын. Осылайша, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс бермек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды