Дәмді асханалар көбеюде

2019_02_11_WhatsApp Image 2019-02-11 at 14.46.00.jpeg

Түркістан - жас шаһар әрі ескі шаһар. Қаланың мүндай екі атауға ие болуының себебі де жоқ емес. Тамыры терең тарих қойнауында болғанымен, экономикасы жас қала. Қала облыс орталығы болған сәттен бастап, қалада туризм мен кәсіпкерлік кең етек жайып келеді. Оның үстіне кәсібін ашып, мал табамын деушілерге де мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері жетерлік. Қонақ үй кәсібі, мал, егін шаруашылығы, тағам шаруашылығы, өнеркәсіптердің даму да қала экономикасында алдыңғы рөлдерді ойнайтыны белгілі. Мәселен тағамдану орталықтарына да жіті көңіл бөлінуде. Себебі қала үшін басты міндеттердің бірі - туристерге сапалық қызмет түрлерін ұсыну. Сондай-ақ бюджетті тағамдану орындарының санын арттыру мақсатында бой түзеген асхана,ғ шайханалар жоқ емес. Солардың бірі - «Дәмді» асханасы.

Асхана ас мәзірінде еуропалық, ұйғыр және ұлттық тағам түрлері арзан бағада ұсынылған. Бір адамға орташа есеппен алғанда - 500-1500 теңге аралығында түседі. 150 адамға арналған зал заманауи талаптарға сай жасалынған және мұнда жоғарғы сапада қызмет көрсетіледі. Жұмыс жасайтын аспаздар да өз істерінің маманы. Кәсіп иесі осындай дәмхананы ашу арқылы тек қана қонақтарғы қызмет көрсетіп қана емес, біршама адамдарды жұмыспен де қамтып отыр. 

Жалпы кез келген кәсіпорын қаладағы жұмыссыздар санын азайтып, экономикасына бірақ болса да ықпал келтіретіні анық. Сондықтан да қала халқы үшін қалада ашылған кез келген кәсіпкерлік мекеме үлкен қуаныш сыйлайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды