Аудан прокуроры мен басқарма басшысы қабылдау өткізді

04.09.jpg

Созақ ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Айтболат Досаев, Созақ аудандық әділет басқармасының басшысы Ғалилан Мұсаев сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалында азаматтарды жекелеген мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Сонымен қатар, Созақ аудандық прокуратурасының прокуроры Сұлтанбек Жалғасбек, Созақ аудандық партия филиалының кеңесшісі Ақмарал Омарбекова қатысып отырды.
Қабылдауға ауданның бірқатар ауыл аймақтарынан азаматтар келіп, жеке мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Атап айтқанда, жалғыз басты ана атанып отырғандар заңды ажырасса да міндетін атқармайтын қашқын әкелерден алименттер өндіру, жеке құжаттарды рәсімдеу, еңбек заңнамасының сақталуы, тағы басқа да мәселелері бойынша келген азаматтарға А.Досаев, Ғ.Мұсаев тиісті шешімдер қабылданып, өтініштер бойынша қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшыларымен пікірлесіп, аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Мұнан бөлек, арызданып келген азаматтарға заңнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке