Созақ
ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев, аудандық мәслихат депутаттары –
мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері Ғабит Жүсіп, Гүлжан Момбекова,
Гүлсара Әлімбекова және аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы
Нұрлыбек Әбілқасымов «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалында
жергілікті тұрғындарды әлеуметтік мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау
өткізді.
Қабылдауға ауданның бірқатар ауылдарынан азаматтар келіп,
жеке мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Атап айтқанда, атаулы
әлеуметтік көмектің тағайындалуы, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үймен
қамтамасыз ету, қайтарымсыз шағын несие алу мәселелері бойынша келген
азаматтарға Б.Айтбаев тиісті шешімдер қабылданып, өтініштер бойынша
қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Ал аудандық мәслихат
депутаттары – мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері өздері тарапынан
да өтініштердің бақылауда болатынына сендірді. Тіпті қажет болған
жағдайда депутаттық сауалдар жолданатынын атап өтті. Мұнан бөлек,
азаматтарға заңнама бойынша түсіндірмелер берілді.
Азаматттарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Жарнама орны (6) |