Қарашаңырағын балабақшаға айналдырды

Screenshot_22.jpg

Отырарлық Ләззат Келдібекқызы  туған ауылында балабақша салды.  Шәуілдірдің шеткі аумағында орналасқан бөбекжай қазір жергілікті 100 баланы мектепке дейінгі мекемемен қамтып отыр. Киелі қара шаңырақтың орнынан салынған нысан Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қолға алынған.

«Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді». Бұл теңеуді шәуілдірлік Келдібек Жабатаевқа айтуға болады. Киелі Отырар жерінде талай жыл ұстаз болып, кейінгі ұрпаққа саналы тәрбие берген азамат. Көзі тірісінде ауылдағы ағайын үшін балабақша салуды армандаған Келдібек ақсақалдың аманатын ұл-қызы орындап, өзі мекендеген қара шаңырақты қайта тұрғызып, бабекжай салды.

Балабақша құрылысына 80 миллион теңге қаржы бөлінген. Ашылғанына 2 жылға жуықтаған бөбекжайда жергілікті 20-дан астам азамат еңбек етуде. Қазір мұндағы 4 топқа   100 бала қамтылған. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

Айтып өтейік, қазір Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 6-уы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істеуде



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке