Жаңа саябақ ел игілігіне пайдалануға берілді

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекенінде Социалистік Еңбек Ері, ғұлама ғалым, академик – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіші ашылды. 

Screenshot_4.jpg

Алқалы жиынға ел ағалары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты. Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының Құрметті азаматтары Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек құттықтау сөз сөйлеп, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайлы айтып, еңселі ескерткішті салтанатты түрде ашып берді. 

Screenshot_6.jpg

Айта кетейік, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаевтың демеушілігімен бой көтерген қоладан жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 5 метрді құрайды. Ескерткіш орналасқан орталық көшеге Дінмұхаммед Ахметұлының есімі берілді. 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі