«Шымкент-2200: жасампаз туристік қала бейнесі» байқауына өтінімдер қабылданады

8d1f1363793459940f85ff3eeeaf9027.jpg

26-27 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік туризм күніне орай Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Шымкент-2200: жасампаз туристік қала бейнесі» форум-көрмесін ұйымдастырады. Іс-шараға өтінімдерді қабылдау уақыты 24 қыркүйекті қоса алғанда ұзартылды.

Қаланың шығармашылық имиджін қалыптастыруға, дарынды азаматтарды қолдауға бағытталған шара бәсекеге қабілеттілікті арттырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының дамуына септігін тигізеді.

Форум-көрме алты номинациядан тұрады: «Медиа», «IT-жоба», «Креативті архитектура», «Туризм саласындағы креативті қызметтер», «Қала бренді», «Гастрономия».

Жобалар қазақ/орыс тілінде және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)) бейнеролик, макет немесе презентациямен слайд түрінде, бір автордан үш жобаға дейін қабылданады.

Байқауға қатысу үшін 25 қыркүйекке дейін shymkent2020@gmail.com сайтында жарияланған арнайы үлгіні толтырып, электронды поштаға жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 телефондары арқылы алуға болады.

Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі