Сахалықтар – Түркістан жерінде

59c8ba4740e9b75fc03cb0c00bb8d567.jpg

Ер түріктің бесігі -  Түркістан шаһарына бүгінде ат басын бұрушылардың қатары күннен күнге өсіп келеді. Сайын қазақ даласын айтпағанда мұнда тарихи жәдігерлерді көруге шетелдіктердің де аңсары аууда. Түркістанның облыс  орталығына айналуы өңірдің туризмін бір серпілтіп қойған рас.

   Жүз рет естігенше бір көрген көрген артық емес пе? Жақында   түркі тілдес туысқан ел – Якутиядан бір топ журналист көне шаһарға саяхаттап келген болатын.  Қонақтарды мұнда қазақтың ұлт аспабымен ән айтып, бауырсағымен, қымызымен қарсы алды. Бір қызығы бауырсақ пен қымызды сахалықтар да ұнататын болып шықты. Ресейлік  тілшілер алдымен өңірдегі қызғалдақты алқапқа қызығып, фотосессия жасады. Отырар археологиялық мұражайында болып, Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті. Әсіресе шетелдік туристерді «Әзірет Сұлтан» кесенесіндегі тарихи маңызы зор тайқазанға қызықты. Кесене аумағындағы ежелгі Шығыс моншасын көрді. Якутия журналистер одағының төрағасы Галина Бочкарева түркістандықтарға Жапонияда, Қытайда, Моңғолияда болғандарын, бірақ қазақтың қонақжайлығы бәрінен асып түскенін айтты. Шетелдік туристер сөз кезегінде жергілікті тұрғындарды Саха еліне саяхаттауға шақырды.

Айта кетейік, аталған шара Түркістан облысында түркі әлеміне ортақ құндылықтарды насихаттау мен медиақауымдастықтардың еларалық байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі