23 жасында алты баланың анасы атанған әйел жұртты таңғалдырды

82

Алматы облысының тұрғыны Гүлнұр Оразкеева небәрі 23 жасында алты баланың анасы атанып отыр. Әйел адам тұрмысқа 16 жасында шығып, жыл сайын нәрестелі болып отырған.

“Ана мен бала” бағдарламасына келген көпбалалы ана өзінің өмір хикаясымен қалың көпшілікпен бөліскен.

Бағдарлама аясында ол 16 жасында тұрмысқа шыққанын айтты. 17-ге тола сала алғашқы перзентін дүниеге әкелген. Артынша жыл сайын бір баланы босанып отырған келіншек 23 жасқа келгенде алты баланың анасы болатынын ойламаған да.

“16 жасымда сүйіктім алып қашып кеткен де үй-ішім толығымен қарсы болды. Ол кезде ол 18 жаста болатын. Алайда, күйеуім екеуміз бір-бірімізді сүйетінімізд көрген олар, өз келісімін берді. Бірақ, дегенмен 23 жасқа толғанда менің алты балам болады деп мен үш ұйықтап тұрсам да ойламаппын” , – деп ағынан жарылды Гүлнұр.

Гүлнұр Оразкееваның анасы оны 23 жасында босанып , алғашқы перзентін бауырына басса, қызы 23-ке толғанда алты баланың анасы болды. Бұл жайт анасын қатты таңғалдырады.

“Құдайға шүкір, жалғыз қыздан алты бірдей немере сүйіп отырмын”, – деп айтты көп немерелі әже.

Гүлнұр Оразкеева бүгінде күміс алқа иесі, бірақ балаларды алтын алқа алу оның мақсаты емес. Ол әрбір баласын жоғарыдан берілген сый деп қабылдайды.

“Көп баланы асырау әри қиын. Бірақ әр перзенттің өз несібесі болады. Олар Алланың нағыз сыйы. Бұйырып жатса тағы да перзенттерді өмірге алып келемін”, – деп айтты ол.

Жастайынан отбасылық өмірге кіріп кеткен әйелдің бүгінде жоғарғы білімі жоқ. Алайда, келіншек болашақта бәрін қолға алатынын айтты.

“Оқуды міндетті түрде оқимын. Болашаққа жоспарда ол бар. Бірақ ол үшін бүлдіршіндерім кішкене өсіп қалуы керек”, деп қорытындылады көпбалалы ана.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here