​Шымкенттегі жасөспірімдер кітапханасына – 40 жыл

6

Мерекелік шараны Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Шалқарова Әлия Богданқызы, ОҚО мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Пірімбетов Бастарбек Пірімбетұлы, «Нұр-Отан» партиясы Әл Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есимова Баян Камилқызы құттықтау сөзбен ашып берді. Жиын аясында ақын, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Нышан Төлегенов кітапханаға арнауын тарту етті. Кеш қонақтарына кітапхана тынысы жайында бейнехроника көрсетіліп, мекеме директоры Парымбекова Закира Сембекқызы жасөспірімдердің рухани, танымдық көзқарасы мен тәрбиесіне ықпал етуші қара шаңырақ жайлы сөз қозғады. Мереке аясында қызметкерлер мен кітапхананың белсенді оқырмандары дәстүрлі және виртуалды қызмет көрсету тақырыбында көрініс көрсетсе, Нармахан Бегалыұлы, Сәрсен-Бек Сахабат, Шойбек Орынбай сынды ақын-жазушылар да рухани ордаға арналған ізгі тілектерін білдірді. Кеш соңында кітапхана ұжымы ақын Баян Тіленшинаның сөзіне жазылған «Кітапхана гимнін» шырқады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here