Дәрі-дәрмектерді қымбаттатып сатқан дәріханалар анықталды

зансыздари.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан облысының аумағында дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізу күшейтілді. Осы бағыттағы жұмыстар барысында жергілікті әкімдік қызметкерлерінен және Арыс аудандық Полиция бөлімінің мамандарынан құрылған мобильдік топ ауылдардың бірінен тиісті құжаттарсыз тіркелмеген дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан дәріхананы анықтады.

Дәріхана иесінен "Эуфимин", "Анальгин", "Димедрол" және "Офиоксицин" препараттарын, яғни барлығы 77 қаптаманы тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша материалдар Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді.

Жалпы елде карантин басталғаннан бері Түркістан облысының полицейлері мобильдік топпен бірге дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 51 фактісін анықтап, 5232 түрлі медициналық дәрі-дәрмектерді тәркіледі.

Егер сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш тәулікте 150 құқықбұзушылық анықталды
  • «Құқықтық тәртіп» іс-шарасында есірктімен ұсталды
  • "Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 200 заңбұзушылық анықталды
  • Сарыағашта тәртіп сақшылары 155 құқықбұзушылықты тіркеді
  • Түлкібаста заңбұзушының қарасора егістігі жойылды