"Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 200 заңбұзушылық анықталды

сусаргач.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде covid-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу және одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі енгізіліп, эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келгенге дейін шектеу шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті әкімдіктің тисіті сала мамандарымен бірлесіп, мобильдік топтар құрып, күн сайын рейдтік және түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.

Сондай кезекті рейд кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің "ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 364-бабымен 200 заңбұзушылық анықталды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды. 

Ал, Сарыағаш ауданының полицейлері карантинді бұзушыларға қатысты 598 ескерту беріп, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес енгізілген шектеу шараларын түсіндірді.

Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық ПБ қызметкерлері тұрғындар арасында, 65 жастан асқан қарттар мен 14 жасқа толмаған балалар арасында карантинді қатаң сақтаудың маңыздылығы, үнемі медициналық бетперде тағу, үйде отыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш тәулікте 150 құқықбұзушылық анықталды
  • «Құқықтық тәртіп» іс-шарасында есірктімен ұсталды
  • "Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 200 заңбұзушылық анықталды
  • Сарыағашта тәртіп сақшылары 155 құқықбұзушылықты тіркеді
  • Карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды