Карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды

рейд.jpg

Түркістан облысының әкімінің тапсырмасы бойынша өңірдің бас санитар-дәрігерінің қаулысы негізінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, ел арасында полицейлер тұрғындардың карантин жағдайындағы құқықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де заңбұзушылық тиылмай тұр.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, күн сайын Қазығұрт АПБ-нің полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау және басқа да құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізуде. Нәтижесінде аудан аумағында полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 35 азаматты анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, себепсіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, қауіпсіздік ережелер мен ара қашықтықты сақтауға шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады