387 көлік жүргізуші заң бұзды

мас.jpg

Алкоголь ішіп көлік жүргізген азамат жеті жылға жүргізуші куәлігіен айырылып, он бес тәулікке қамалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл басынан бері мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптар қатаңдатылды. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігнің тапсырмасымен Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізуде.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәіметтерге сүйенсек, Түркістан облысында полицейлер жыл басынан бері 387 мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 1-бөлігімен тіркелген құқықбұзушылықтарға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Яғни, бұл заңнамаға сәйкес көлік жүргізушілері 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып және 15 тәулікке қамауға алынған.

Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде.Түркістан облысының полициясы жол ережесін бұзбау, спирттік ішімдік ішіп, көлік жүргізбеу қажеттігін ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады