Полицейлер 52 қылмыскерді тауып ұстады

Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері 52 қылмыскерді тауып ұстады, олардың 10-ы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін іздестірілуде жүрген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтты.

1590745442618891.jpg

2015 жылы Түркістан қаласының Полиция бөліміне жас әйелдің зорланғаны жөнінде арыз келіп түскен. Осы бойынша полицияда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабы "зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, қылмыскер қылмыстық қудалаудан жасырынып үлгерген. 

Бес жыл алдын 35 жастағы ер адамды іздестіру ісі жүргізілген. 2020 жылы мамыр айының ортасында түркістандық жедел уәкілдер Кентау қаласының маңындағы саяжай алқабында күдіктіні құрықтады. Тергеу барысында полицейлер оның осы уақыт аралығында Павлодар облысында жасырынғанын анықтады. Ол жақта да осыған ұқсас қылмыс жасап, оқушы қызды жәбірлеп, туған өлкесіне қайта оралған. Ол мұнда өзі туралы ұмытып кетті деп үміттенген. 

– Зорлықшы тергеу изоляторында және жақын арада Павлодар облысына этапталатын болады. Онда оған қатысты біздің әріптестеріміз сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасау жайты бойынша істі сотқа жібереді. Атап өтер болсақ, қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздестіру бойынша криминалдық полиция жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Нәтижесінде ақпаратты жинастыру және болжамдарды қайта тексеру қылмыстардың, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына ықпал етеді, – дейді департамент бастығының орынбасары.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көлік ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
  • «Жұмысқа орналастырамын» деп жұрттан ақша жиған алаяқ ұсталды
  • Құқық қорғаушылар жоғалған қызды тауып отбасына қайтарды
  • Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді
  • Карантин талаптарын сақтамай заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды