Халықов халыққа онлайн жауап берді

халыков.jpg

Ішкі істер министрі мен Түркістан облысы әкімінің басты талабы, полиция міндеті – елімізде құқықтық тәртіптің сақталуын жүзеге асырумен қатар халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Бұл бағытта ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарау жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықовтың тікелей эфирде халықпен тілдесуі соның айғағы.

Полиция департаменті «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында Бағлан Әнуарбекұлымен тікелей эфир өткізілді. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының кадр жөніндегі орынбасары Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Жасы 35-тен аспаған, білімі жоғары, әскери борышын өтеген Қазақстан Республикасының патриоты ішкі істер органдарында қызметке қабылданады. Жалпы, ішкі істер органдарында елге қызмет еткісі келетін адам ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Заң аясында Мемлекеттік қызмет істері басқармасынан тестілеуден өтуі тиіс. Физикалық, психологиялық және полиграфиялық тексерістерден өтуі қажет. Осы сынақтардың барлығынан сүрінбей өткен азаматтар конкурсқа қатыса алады. Конкурс жарияланған соң 10 күн ішінде сонда көрсетілген талап етілетін құжаттарды қабылдаймыз. Сосын арнайы құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Барлық талапқа сай сынақтан өткен азамат кадрлық резервке алынады. Өте алмағандар қайтарылады. Мұның бәрі ашық жүргізіледі, тиісті сайттарда жарияланады, – деді Бағлан Халықов.

Бұдан бөлек 50-ге тарта тұрғын тікелей эфир арқылы өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ашықтықты жүйелі жүзеге асырып келе жатқан Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы азаматтарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарауды бақылауға алып, назардан тыс қалдырмайды. Оған қоса, қазіргі карантин жағдайына байланысты халықтың қауіпсіздігі мақсатында азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылып тұрса да, полицейлер тұрғындармен жазбаша, тікелей эфирлер, онлайн түрінде кері байланыс орнатуда. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады