Жол ережесін бұзудың соңы 4 адамның өмірін қиды

жетсайжолапаты.jpg

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы ережелерін бұзып, жылдамдықты белгіленген мөлшерден асыра көлік жүргізген құқық бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырғанымен апаттар азаяр емес. Соның бірі бүгін Жетісай ауданында тіркелді. Өкінішке қарай, жол апатынан төрт адам қайтыс болды.

Бүгін, шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында "Нексия" және "Лада-Vesta" маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан "Нексия" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және "Лада-Vesta"көлігінің 1 жолаушысы қайтыс болды.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жолда жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады