Полицейлер әлеуметтік желіде ақша істеген алаяқ ұстады

интералаяк.jpg

Сарыағаш ауданының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша аудартып отырған жігіт Шымкентте ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы «ОҢАЙ АҚША ТАБУ» атты ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдымен 35 мың теңге салдыртып, екі еселеп көбейтіп беретінін айтып қызықтырған. Содан несиеңіз болуына байланысты тағы 57 мың теңге салуыңыз керек деп, есепшотына салдыртып алып, алдап кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. 

Сарығаштық полицейлер орын алған алаяқтық қылмысын «ізін суытпай» ашу мақсатында тез арада іске кірісіп кетті. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аталған есепшоттың кімге тиесілі екені анықталып, жәбірленушіні алдап жүрген күдіктінің жеке басы белгілі болды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында бұл қылмыс аяқсыз қалмады. Тәртіп сақшылары күдіктіні үшінші күні Шымкент қаласынан ұстады.

Тергеуші полиция лейтенанты Ерасыл Намазбаевтың анықтауынша, күдікті Шымкент қаласының тұрғыны, уақытша жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына аз қаржы салып, ақшасын көбейтіп алғанын мойындады. Жалған парақшасына жарнама жасап отырып, жәбірленушіні алдап түсіргені анықталды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ұсталған жас жігіттің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа түрі – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды барынша сақ болуға, бейтаныс адамдардың оңай олжамен қызықтырған алдау-арбауына сенбеуге шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көлік ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
  • «Жұмысқа орналастырамын» деп жұрттан ақша жиған алаяқ ұсталды
  • Құқық қорғаушылар жоғалған қызды тауып отбасына қайтарды
  • Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді
  • Карантин талаптарын сақтамай заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды