Салауаттылық - өмір бастауы

Screenshot_20.png

Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында халықты салауатты өмр салтын ұстануға шақыру шараларын ұйымдастыру көзделген. Осы орайда  7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай екі топқа бөлінген шымкенттік белсенді жастар арасында «Салауатты өмір – салауатты келешек» атты интеллектуалдық жарыс өтті. Іс шара «Жеңілөнеркәсіп және сервис» колледжінде ұйымдастырылды. Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға және темекі мен ішімдіктердің адам денсаулығына кері әсері туралы мағлұматтар берілді. 

Статистикалық деректерге сүйенсек Қазақстанда темекі шегудің таралуы ерлер арасында 42,4%-ды және әйелдер арасында 4,5%-ды құрайды. ДДҰ болжамы бойынша, 2032 жылға қарай темекі шегудің таралуы темекіге арналған акцизді 75%-ға дейін көтеру сияқты шаралар оны төмендетуге мүмкіндік береді, бұл темекі шегудің таралуын 27%- ға төмендетеді; темекі шегуге тыйым салу туралы (темекі шегуге арналған бөлмесіз) негізделген заңдардың сақталу қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, бұл 6%-ға төмендетуге; сату орындарында темекі бұйымдарын орналастыруға тыйым салу туралы заңдарды қабылдау және іске асыру - 7%-ға төмендеуге мүмкіндік береді. 

Шара барысында студенттерге ситуациялық жағдайлардан шығу жайлы сауалнама жүргізіліп, белсенді атсалысқан студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады