Шымкент көш басында

Screenshot_20.png

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.

Осы орайда үшінші мегаполисте мемлекеттік қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы шеңберінде 784,4 млн теңгеге 359 жобаға қолдау көрсетілген. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында биыл 100-ден аса жоба қолдау таппақ. «Бағдарламаның ережесіне сәйкес кәсіпкерлерге 7 жыл мерзімге 6 пайызбен несие беріледі. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 100-ден аса жобаға қолдау көрсету жоспарлануда, – деді  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.  

Айта кетейік, Шымкент қаласы елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі бойынша 1-орын, ал өнеркәсіп саласы бойынша 4-орынды иеленіп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайластықтың салдарынан бұрын, алдын алу жұмыстарын күшейту маңызды
  • Шымкент көш басында
  • Шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді
  • Әскерилер тіл үйренуде
  • «Дамудың» дамытқан жобасы көп