Кәсіп бастаушыларға демеу көп

Screenshot_21.png

Шағын және орта кәсіпкерлік – мемлекеттің тірегі, қозғаушы күші. Қазір өз ісін бастағысы келетін тәуекелшіл жандарға үлкен қолдау бар. Тек ізденсең, біліміңді жетілдіріп, қиындықтан қашпасаң болғаны. 

Шымкент қаласындағы ресми деректер бойынша өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 876 бірлікті құраған.  Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 441 млн теңге сомасына 494 жобаға көмек көрсетілген.  Оның ішінде: біріншісі  банктік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1578,3 млн теңге сомасына 218 жобаға қолдау көрсетілсе,  банк кредиттеріне ішінара кепілдік беру бойынша 572,8 млн теңге сомасына 209 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ  мемлекеттік гранттар беру бойынша 289,9 млн теңге сомасына 67 жоба қолдау тапқан.

Ал  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерден жалпы сомасы 88,7 млрд теңгеге 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 35,8 млрд теңге сомасына 56 жоба мақұлданған. Оның ішінде 32,1 млрд теңге сомасына 48 жоба бойынша субсидиялау шарты жасалды дейді сала мамандары. Субсидиялау шарттарын жасасу сатысында қазір 3,7 млрд теңге сомасына 8 жоба бар екен. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктерде 23 млрд теңге сомасына 18 жоба қарастырылып жатса, 29,9 млрд теңге сомасына тағы 18 жоба — бизнес-жоспарды әзірлеу, жаңа технологиялар мен жабдықтарды іздеу, құжаттарды түгендеу және құрылысқа жұмсалатын шығындарды есептеу сатысында тұрған көрінеді.  

Айта кетейік, қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 160 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады