Асыл тұқымды мал саны артып келеді

21.jpg

«Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді  жаңғыртуымыз қажет». Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясылық жоспарында аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауды, алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуды тапсырған болатын. 

Осы мақсатта Түркістан облысында мал ісін асылдандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Мәселен Түлкібас ауданының тұрғыны Нұржан Құрманбеков меринос қойларын асылдандыруды қолға алған. Қазіргі таңда, оның «Санжар» шаруа қожалығында 1660 меринос қойы бар. Алдағы уақытта мал басы санын 5 мыңға жеткізіп, асыл тұқымды қойдың санын арттыра түсуді көздеп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Ол бұл шаруамен айналысуды осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Бастапқыда еті мен жүніне сұраныс жоғары болатын меринос тұқымды қойдың 50 данасын бағудан бастаған. Асыл тұқымды қойдың етіне деген сұраныс Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өте жоғары. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан сияқты көршілес елдерден де тапсырыс бар. 

Айта кетейік, «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламасы аясында шаруа қожалықтардағы асылтұқымды әрбір қойдың аналық басына 2500 теңгеден, қошқардың әрқайсысына 15 мың теңгеден субсидия берілуде.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады