Рухани жаңғыру - ұрпақтың баянды болашағы

Screenshot_10.jpg

Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үшінші мегаполисте Аймақтық жобалық кеңсе жұмыс істейді. Жобаның мақсаты – қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру болып табылады. Бағдарлама аясында бүгінде «Туған жер», «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық» т.б жобалар бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, ол тұтас қоғамның рухани санасының жаңғыруы әрбір адамның санасының жаңғыруынан басталуы тиіс.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жарияланғанына биыл 4 жыл толады. Бағдарламаны жүзеге асырудың 17 жобасы қабылданған. Оның 13 жобасы жергілікті өңірлерде қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2020 жылы қаламызда бағдарлама аясында бірегей жобалар қолға алынды. Солардың бірі қаламыздың тазалығына үлес қосатын, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыратын, экологиялық санасын жаңғыртатын «Экосана» жобасы.  Шаһарымыздың экоеріктілері қолға алған жобаға қала тұрғындары да белсенді қатысты»,- дейді   «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева.  

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың болашақта дамуына зор мүмкіндік береді. Сондықтан, заман талабына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіріп, іс жүзінде жүзеге асуына қолдау көрсету маңызды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады