«Ten Qogam» орталығы ашылады

Screenshot_1.jpg

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып келеді. «Кедергісіз келешек» «Еңбек», «Бизнестің жол картасы» сынды бағдарламалар осының дәлелі. Биылғы жылы республикада мүгедектерге қорған болар тағы бір тың жоба қолға алынып отыр. Ол   Қазақстанның 15 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға түрлі көмек көрсету үшін  ашылғалы отырған «Ten Qogam» орталықтары.  Оларда мүгедектігі бар адамдарға психологиялық және құқықтық көмек, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. Орталықтарды ашу «Nur Otan» партиясының жаңа бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасында көзделген.

 Мұндай орталық Шымкент қаласында да ашылмақ. Мамандардың айтуынша Шымкент қаласында осы жылы мүмкіндігі шектеулі жандардарды қолдау үшін бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Бұл қаражат 22 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арнайы құралдар сатып алу үшін және түрлі деңгейдегі әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталады. 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қ.Сайлауовтың сөзінше,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кешенді қызмет көрсететін арнайы орталық көктемде өз қызметін бастамақ.   «Биыл көктемде  ерекше қорғалған жандарды қолдау мақсатында «Тең Қоғам» орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Орталықта мамандар құқықтық кеңестер мен бағыт береді. Азаматтардың сұранысы мен мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамту шараларына тартып, кәсіпке баулиды. Тұрғын үймен қамту мәселелеріне қатысты кеңестер де ала алады. Осы мекемеде aleumet.egov.kz порталы арқылы өздеріне тиесілі түрлі әлеуметтік қызметтерга тапсырыс беруге мамандар көмектеседі,-деді ол. 

Сонымен қатар ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады