Оқуға құштар мектеп

Screenshot_42.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында оқырмандық сауаттылық деңгейін арттыруға баса назар аударған болатын. Осы орайда, 2021 жыл «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жарияланды.  Бұл мақсатта Шымкент қаласында игі жобалар қолға алынуда. Айталық Шымкенттегі № 52 мектеп-лицейінде «Кітап жансыз, бірақ шынайы дос» атты тақырыпта семинар өтті.  

«Оқуға құштар мектеп». Білім министрі жоғары деңгейде бағалаған бұл жоба Шымкент мектептерінің арасында семинар өткізумен жалғасып жатыр. Басты мақсат – кітапқа деген сүйінпеншілікті арттыра отырып, тәжірибе алмасу. Білім басқармасы бұған дейін қаладағы мектептер арасынан семинар өткізетін 20 тірек мектепті таңдап алған болатын.

«Оқуға құштар мектеп жобасының негізгі мақсаты – ата-аналардың, ұстаздардың және де жасөспірімдердің оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылу болып табылады. Қала бойынша қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваның бекіткен «Оқуға құштар» жобасы аясында жоспарымыз бар қалалық көлемде. Сол жоспардың аясында қала мектептерінің ішінде 20 мектепті тірек мектеп қылып алғанбыз. Сол тірек мектептерде 172 мектепті біз серіктес қылып 7-8 мектептен бөлдік»,- дейді Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты әдістемелік орталығының кітапхана ісі бойынша әдіскері Гүлім Баймұсаева. 

Аталған мектеп ұжымының ерекшелігі оқушыларды ғана оқытпай, мектеп ұстаздары мен ата-аналарды да кітап оқуға шақыруында екен.

«Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арнап мектеп әкімшілігі арасында бірінші кезекте ұйымдастырдым. «Мен оқыған 30 бет» деген жобаны ұйымдастырдық. Мектеп әкімшілігі бірінші кезекте кітаптың 30 бетін оқи отырып қызығушылығы артып біздің ұжымға үлгі бола алды және бұл жобаны ары қарай да жалғастыра алды. Сондай-ақ, ата-аналарымыздың арасында да. Балаларына үлгі көрсетуші ғой ата-ана деген. Сондықтан бұл жоба ата-аналардың арасында да ұйымдастырылды»,- дейді №52 мектеп-лицей директоры  Айнұр Жарылқасынқызы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады