«Шымкентте бәрі өседі»

Screenshot_46.jpg

Ел ішінде  «Шымкентте бәрі өседі» деген сөз тіркесі қалыптасып қалған. Шымқаланың жылы климаты, ерте шығатын көктемі мен жайдары жазы  расымен де ауылшаруашылығына қолайлы. Жергілікті диқандар бүгінде жеміс-жидектің, оның ішінде экзотикалық түрлерін де, көкніс те өсіріп, ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтуде. Соңғы жылдары  шымшаһар жылыжайының көптігімен де танылып келеді. Агросаланың осылайша қарқын алуы әрине мемлекеттің қолдауының нәтижесі.

Осы орайда Шымкент қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 31 794 млн теңгені құрайтын 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде. 

Аталған жобалар ішінде өндірістік жылыжай кешендері - 10 жоба, қарқынды бау - 4 жоба, қайта өңдеу саласы - төрт жоба, мал бордақылау алаңдарын құру - үш жоба, тауарлы сүт фермаларының өнімін арттыру мақсатында төрт жоба, жұмыртқа өндірісі және балық шаруашылығында сегіз жоба жоспарланып отыр.

Бұл жобалар іске асқан жағдайда жаңадан 830 жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен бірге қаладағы көкөніс өндіру көлемі - 35 мың тоннаға, қарқынды бау алаңы - 441 гектарға, қайта өңдеу саласы-27,4 мың тоннаға ұлғаяды. 

Бұдан бөлек өндірілетін еттің көлемі - 5,4 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі - 15 млн данаға және бройлер құс еті - 500 тоннаға дейін ұлғайып, қалада өндірілетін балық өнімі - 100 тоннаны құрайтын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады