Металлург стадионының бойына қан жүгіре бастады

Screenshot_44.jpg

Шымкенттегі Металлург стадионында құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылдың наурыз айында қолға алынған болатын. 

Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50 пайызға, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80 пайызға, шағал тас төсеу – 90 пайызға, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалған. 

Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, бес техника жұмылдырылған.  Салаға жауапты мамандар құрылысты жыл соңына дейін тапсырамыз деп отыр.

Айта өтсек, спорт кешені өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған.  Мұнда ірі спорттық шаралар мен концерттер жиі өтіп тұрған. Алғашқыда қорғасын зауытына тиесілі болған. Кейіннен қараусыз қалған ғимарат жекенің қолына өтті. Қаланың ірі әрі кезінде сәулетті нысанның бірі болған стадионға жанашырлық танытқан қала тұрғындары көп болды. Сөйтіп  нысан 2017 жылы әкімдік балансына өтті. Енді, міне талай қала тұрғындарының жастық шағының куәгері болған стадионның бойына қан жүгіріп, жандана бастады. Айтпақшы билік өкілдері стадионның атауын «Металлург» күйінде қалдырған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады