Тәртіп пен жауапкершілік індеттен сақтайды

Screenshot_11.jpg

Ордабасы аудандық ауруханасы коронавирустық инфекцияның таралмауы және екінші толқын бола қалаған жағдайда науқастарға сапалы медициналық ем көрсету үшін барын салуда. Аудан  халқына мұнда   8 реаниматолог, 3 инфекционист, 50-ге жуық жалпы тәжірибелі дәрігер, 5 терапевт қызмет көрсетуде. Аталған мамандардың барлығы  коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған күнделікті жаңартып отырған емдеу хаттамаларымен танысып, түрлі конференцияларға қатысып, тәжірибе жинақтауда. Ордабасылық мамандар  ауру қайта өршіген жағдайда алдыңғы шепте жүріп, халыққа қызмет көрсетуге дайын деген аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзалыұлы тұрғындарды сақтық  шараларын сақтауға шақырды. «Карантиннің жеңілдеуі  вирустың жойылып кеткенін білдірмейді. Бұл кеселге немқұрайлы қарамаңыздар. Мамандардың кеңесіне құлақ түріп, денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын.  Аты жаман дерттен сақтанудың бірінші жолы ол маска тағу. Маска тағу арқылы сіз ең алдымен өзіңізді қорғайсыз. Ал ауру жұқтырған болсаңыз өзгелерге таратуға жол бермейміз. Зерттеулер көрсеткендей тәжвирустың инфекциясы жөтелгенде 1,5-2 метр қашықтыққа дейін ұшады. Ақ халаттылардың  2 метр әлеуметтік  арақашықтықты сақтаңыздар деп дабыл қағуы бекер емес. Сол себепті түшкіргенде ауызды беторамалмен жапсаңыз инфекцияның өзге адамға, айналадағы заттардың бетіне қонуынан сақтайсыз. Ереже қарапайым болғанымен өкінішке қарай көпшілігіміз соған мән бермей, тәртіпке бағынбай жүрміз. Инфекцияның көпшілігі қолға жиналады. Дәл қазіргідей ауру ушығып тұрған уақытта қолды жиі-жиі жуып, дезинфекциялық құралдарды пайдаланған жөн. Аталған  ережені сақтап жүрер болсақ  індет жеңіл өтеді деген сенімдемін»,- дейді Б.Мырзагелдиев. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады