Сарыағаш: «Жолдау - ұлттың жаңа болмысын қалыптастырады!»

На изображении может находиться: Айжигит Асанов, стоит

Исақов Ергеш Палходжаұлы,
Сарыағаш ауданы «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру бастамасы көңілге ерекше қуаныш сыйлады. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отырғандығын, жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алатын баса айтты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын» деп жүрекжарды тілегін жасырмай айтқандығы жүрекке жылы тиді.
Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керектігін, қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс екендігін, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген сөзін алға тартты.
Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Президент өз сөзінде болашақ ұрпағымыздың бойынан көптеген жақсы қасиеттерді көргісі келетінін айтты. Бірінші, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғанын, екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу керектігін, үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыстығын, төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуын, бесіншіден, әділдіктен айнымай,әділ болуға, алтыншыдан-адал, ұқыпты, тиянақты болуға шақырды.
Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру.
Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайлылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал, бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр. Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз абзал. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады