Бәйдібек: 255 спорт нысаны жұмыс істейді

Қазақстанда барлық спорттық және мәдени шаралар II жартыжылдыққа шегерілді  | Қазақстан жаңалықтары: Kazakh TV арнасындағы соңғы жаңалықтар | Kazakh TV

Мәдениет пен спорт саласы бүгінгі қоғамда аса маңызды орны бар салалар. Бәйдібек ауданында типтік ғимаратта орналасқан мәдениет нысандарының жалпы саны – 12 (мәдениет үйлері -9, ауылдық клубтар – 3, кітапханар-25).

Ауылдық округтердің орталық елді мекендері – 11, оның ішінде типтік мәдениет нысандарымен қамтылғаны – 10; Олардың 3-і құрылыс нысандарын қажет етеді.

Ақтас елді мекенінен  мәдениет үйінің құрылысы (сметалық құны- 230184 мың теңге), Амансай елді мекенінен мәдениет үйінің құрылысы (сметалық құны- 199,0 мың теңге) және Шаян ауылынан  100 000 кітап қорына арналған кітапхана жайының құрылыстарына (сметалық құны- 380680,0 мың теңге)  жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, салалық басқармаға қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Халықтың спортпен жүйелі түрде айналысуына 255 спорт нысандары қызмет етуде (1 спорт кешені,  1 су-спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 1 стадион мен  52 спорт залдары мен басқада қарапайым спорт алаңдары  бар). Спорт нысандарының 3-і құрылыс нысандарын қажет етеді.

Шалдар ауылының спорт зал құрылысы (сметалық құны 128325 мың теңге),  Боралдай ауылының спорт зал құрылысы (сметалық құны 122968 мың теңге),    Жамбыл ауылындағы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт зал  құрылысына (сметалық құны 134077 мың теңге) Шақпақ ауылының спорт зал құрылысына (сметалық құны 290874 мың теңге) ЖСҚ-ы әзірленіп, қаржыландыруға салалық басқармаларға ұсынылған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Абаттандыру жұмысы қарқынды
  • Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде
  • Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
  • Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ
  • Ордабасы: Мал басы артты